«Барыс» сырт алаңда «Сочиді» сан соқтырды (видео)

О Сансызбай Корреспондент
«Барыс» сырт алаңда «Сочиді» сан соқтырды (видео)
Фото ©️ vk.com

Құрлықтық хоккей лигасында бақ сынайтын елордалық «Барыс» сырт алаңда «Cочиді» ұтты. Тартысқа толы өткен ойында отандастарымыз мұз айдын иелерінен 6:3 есебімен басым түсті.

БӨЛІСУ

Бірінші болып «Сочи» ойыншылары есеп ашты. 6 минутта Илья Крикунов мұз айдын иелерін алға шығарды. 12 минутта Дмитрий Гренц таразы басын теңестірді. Бірінші кезең аяқталғанша қос клуб тағы бір-бір шайбадан алмасты. «Сочи» сапынан Игорь Захаров шайба авторы атанса, Найджел Доус өз мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ.

Екінші кезеңде «Барыстың» басымдығы айқын байқалды. 22 минутта Мартин Сен-Пьер, 33 минутта Владимир Маркелов қазақстандық клубты алға шығарды.

Үшінші кезеңде Кевин Даллмэн мен Нұрсұлтан Белгібаев мергендігімен көзге түсті. «Сочи» есепті бір шайбаға қысқартты.

«Барыс» келесі кездесуін де сырт алаңда өткізеді. 29 қазан күні елордалық клуб Нижний Новгородта «Торпедо» клубына қарсы ойнайды.

ХК «Сочи» — «Барыс» 3:6 (2:2, 0:2, 1:2)

Шайбалар:

1:0 — 05:11 Крикунов (Левицкий, Мамашев). Ойыншы басымдығында
1:1 — 11:09 Гренц (Рымарев, Старченко). Тең құрамда
2:1 — 11:39 Захарчук (Кузнецов, Левицкий). Тең құрамда
2:2 — 17:42 Семёнов (Даллмэн, Доус). Тең құрамда
2:3 — 21:55 Сен-Пьер (Боченски. Ойыншы басымдығында
2:4 — 32:10 Маркелов (Семёнов, Даллмэн). Тең құрамда
2:5 — 45:19 Даллмэн (Тривино). Тең құрамда
2:6 — 45:43 Бельгибаев. Тең құрамда
3:6 — 48:48 Петерссон (Мамкин). Тең құрамда