Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мадияр Әшкеевтің қарсыласы анықталды

О Сансызбай Корреспондент
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мадияр Әшкеевтің қарсыласы анықталды
Фото ©️ vk.com

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мадияр Әшкеев (5-0, 3 KO) өзінің келесі кездесуін 24 қыркүйек (Астана уақытымен 25 қыркүйек) күні АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өткізеді. Қарсыласы – Мартез Джексон. Бұл туралы боксшының "вконтакте" желісіндегі ресми парақшасы хабарлады.

БӨЛІСУ

Америкалық кәсіпқой боксшы Мартез Джексон АҚШ-тың оңтүстігінде орналасқан Джорджия штатындағы Валдоста қаласында 1983 жылы дүниеге келген. 

Кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін 2015 жылдың 30 мамырында өткізіп, тең түскен. Ол бүгінге дейін дейін 5 жекпе-жек өткізіп үшеуінде жеңіске жетсе, екеуінде тең түскен. Соңғы кездесуін 2016 жылдың 29 шілдесінде өткізіп, қарсыласын техникалық нокаутпен ұтқан. 

Айта кетейік, Мадияр Әшкеев соңғы жекпе-жегін 18 тамыз күні америкалық боксшы Ленвод Дойзерге қарсы өткізіп, 4 раундта нокаутпен ұтқан болатын.