Чемпиондар лигасының екінші күніндегі ойындар кестесі

О Сансызбай Корреспондент
Чемпиондар лигасының екінші күніндегі ойындар кестесі
Фото ©️ smartgambling.ru

Бүгін футболдан Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің екінші күніндегі ойындар өтеді. Сондай-ақ, кеше ауа-райына байланысты кейінге шегерілген «Манчестер Сити» мен «Боруссия Менгенгладбах»  кездесуі де жалғасын табады.

БӨЛІСУ

Топтық кезеңдегі бүгінгі барлық ойындар Астана уақытымен сағат түнгі 00:45-те басталады. Қазақстандық жанкүйерлер «ОҢ-ТВ» арнасынан бүгін «Н» тобындағы «Ювентус» - «Севилья» ойынын тікелей эфирде тамашалай алады. Сондай-ақ арна «Тоттенхэм» мен «Монако» арасындағы кездесудің қайталауын ұсынатын болады. Олай болса, назарларыңызға бүгінгі ойындар кестесін ұсынамыз.

«С» тобы

«Манчестер Сити» (Англия) - «Боруссия М» (Германия)

«Е» тобы

«Байер» (Германия) – ЦСКА (Ресей)

«Тоттенхэм» (Англия) - «Монако» (Франция)

«F» тобы

«Легия» (Польша) - «Боруссия Д» (Германия)

«Реал» (Испания) - «Спортинг» (Португалия)

«G» тобы

«Брюгге» (Бельгия) - «Лестер» (Англия)

«Порту» (Португалия) - «Копенгаген» (Дания)

«H» тобы

«Ювентус» (Италия) - «Севилья» (Испания)

«Лион» (Франция) - «Динамо З» (Хорватия)