Студент қыз доп лақтырудан әлемдік рекорд орнатты

Ербол Жұмабайұлы Корреспондент
Студент қыз доп лақтырудан әлемдік рекорд орнатты
Фото ©️ 2.bp.blogspot.com

Америкалық студент Лиа Черч бір минутта үш ұпайлы доп лақтырудан жаңа әлемдік рекорд орнатты. Видео спортшының YouTube арнасында жарияланды.

БӨЛІСУ

Черч бір минутта қатарынан 32 рет себетке доп салып үлгерді, минут аяқталған соң да баскетболшы доп лақтыруды жалғастыра берді. Видео қатарынан 55 рет допты дәл түсірумен аяқталады.

Алдыңғы рекордты да америкалық Джастин Даргаи орнатқан еді. Биыл қаңтар айында ол бір минутта себетке 26 доп салған. 

Дереккөз: inform.kz