Ольга Рыпакова «Гауһар лигада» күміс медаль иеленді

О Сансызбай Корреспондент
Ольга Рыпакова «Гауһар лигада» күміс медаль иеленді
Фото ©️ vesti.kz

Үш қарғып секіруден 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының чемпионы, Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Ольга Рыпакова Лонзаннада өткен «Гауһар лига» турнирінде күміс медаль иеленді.

БӨЛІСУ

Лозаннадағы додада қазақстандық спортшы Рио Олимпиадасының чемпионы Катрин Ибаргуэнге жол беріп алды. Колумбиялық жеңіл атлет 14,76 метрге секірсе, отандасымыздың үздік көрсеткіші 14,53 метр болды. Қола грек спортшысы Параскеви Папахристуға бұйырды. Ол 14,18 метрге секірді.

Айта кетейік, Ольга Рыпакова Риодағы Олимпиада ойындарында қола жүлде еншілеген еді. Катрин Ибаргуэн чемпион атанса, күміс медальды венесуэлалық спортшы Юлимар Рохас иеленген-ді.