Серена Уильямс «Уимблдонды» жетінші рет жеңді

О Сансызбай Корреспондент
Серена Уильямс «Уимблдонды» жетінші рет жеңді
Фото ©️ eurosport.ru

Танымал америкалық теннисші Серена Уильямс «Үлкен дулыға» санатына енетін «Уимблдон» турнирінде жетінші рет жеңіс тұғырынан көрінді. Ол биылғы доданың финалында неміс теннисшісі Анжелика Керберді ұтты.

БӨЛІСУ

Серена Уильямс пен Анжелика Кербер арасындағы ойын 1 сағат 21 минутқа созылды. Нәтижесінде америкалық теннисші қарсыласын екі сетте 7:5, 6:3 есебімен айқын жеңіп шықты.

34 жастағы Серена Уильямс спорттық мансабында «Үлкен дулыға» санатына енетін жарыстардағы 22-ші ірі жеңісіне қол жеткізді. Нәтижесінде әйгілі неміс теннисшісі Штеффи Графтың рекордын қайталап отыр.

Айта кетейік, Серена Уильямс жұптық кезеңде де финалға жолдама алған болатын. Апалы-сіңлілі Уильямстарға финалда қазақстандық Ярослава Шведова мен венгр Тимеа Бабош қарсы ойнайтын болады. 

Ерлер арасындағы финалдық ойын ертең өтеді. Чемпиондық атаққа канадалық Милош Раонич пен британдық Энди Маррей таласады.