Назым Қызайбай – екі дүркін әлем чемпионы!

О Сансызбай Корреспондент
Назым Қызайбай – екі дүркін әлем чемпионы!
Фото ©️ kfb.kz

Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатының финалында қытайлық Янь Вангты айқын басымдықпен жеңіп, екі дүркін әлем чемпионы атанды.

БӨЛІСУ

48 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын отандасымыз финалда қарсыласына қарсы сәтті жүйе ұстана білді. Бірінші раундта аспан астынан келген боксшы сыр бермей жұдырықтасқанмен, кейінгі раундтарда Назым қарсыласынан қауқарлы екенін байқатты. Нәтижесінде қазақстандық боксшы Янь Вангты 3:0 есебімен ұтып, екі дүркін әлем чемпионы атанды.

Айта кетейік, осыған дейін Жайна Шекербекова (51 келі) мен Айжан Ходжабекова (57 келі) әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған болатын.