Юлия Путинцева «Роллан Гарростың» үшінші кезеңіне өтті

О Сансызбай Корреспондент
Юлия Путинцева «Роллан Гарростың» үшінші кезеңіне өтті
Фото ©️ flickr.com

Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева Франция ашық біріншілігінің («Rolland Garros») үшінші кезеңіне шықты. Ол екінші кезеңде танымал неміс теннисшісі Андреа Петковичті жеңді.

БӨЛІСУ

21 жастағы қазақстандық теннисші WTA рейтингінің 28-ші сатысында келе жатқан қарсыласын екі сетте де 6:2 есебімен ұтты. Ал өзара кездесулер саны бойынша да 2:1 есебімен алға шықты.

Юлия Путинцева үшінші кезеңде италиялық теннисші Карин Кнаппен ойнайды. Ол WTA рейтингінің 118-ші сатысында тұрған теннисші. Юлия болса бұл рейтингте 60-орында келеді.