«Барселона» Испания чемпионы атанды (видео)

О Сансызбай Корреспондент
«Барселона» Испания чемпионы атанды (видео)
Фото ©️ vk.com

Футболдан каталондық «Барселона» Испания чемпионы атанды. Луис Энрике жаттықтыратын клуб соңғы турда «Гранаданы» жеңді.

БӨЛІСУ

Испания ла лигасында чемпиондық атақ соңғы турда шешілді. «Блауграна» сырт алаңда «Гранаданы» 3:0 есебімен жеңіп, чемпион атанды. Ойындағы үш голды да Луис Суарес соқты.

Каталондық клубпен соңғы турға дейін үзеңгі қағыстырып келген мадридтік «Реал» сырт алаңда «Депортивоны» 2:0 есебімен ұтты. Бұл ойында Криштиану Роналду дубль авторы атанды. Команда басты қарсыластарынан чемпиондық атаққа таласта бір ұпайға қалып қойды.  

«Барселона» өз тарихында 24-рет чемпиондық атаққа қол жеткізді. Екінші жыл қатарынан чемпион атанып отыр.