Ағайынды Жайлауовтар Астанадағы кәсіпқой бокс кешіне қатыспайды

О Сансызбай Корреспондент
Ағайынды Жайлауовтар Астанадағы кәсіпқой бокс кешіне қатыспайды
Фото ©️ vk.com

Ағайынды Роман және Даир Жайлауовтар 14 мамыр күні Астанада өтетін кәсіпқой бокс кешіне қатыспайды. «Diamond Ring» компаниясының хабарлауы бойынша, боксшылар бұл елордадағы жарысқа қатысудан бас тартқан.

БӨЛІСУ

«Көрме» орталығында өтетін бокс кешінде Роман Жайлауов грузин Гвиниашвили Николозбен (15-5-3, 11КО), Даир Жайлауов та грузин Торнике Тортладземен (9-6-1, 1КО) жұдырықтасуы тиіс болатын.

14 мамыр күні өтетін кәсіпқой бокс кешінің басты жекпе-жегінде екінші жартылай жеңіл салмақта «EPBC WBC» чемпиондық белбеуі сарапқа салынады. Чемпиондық белбеуге WBA NABA белбеуінің иегері жерлесіміз Бекман Сойлыбаев (8(3KO)-0-0) пен грузиялық тәжірибелі боксшы Николоз Кокашвили (17(7KO) -3-1) таласады.

Астанадағы кәсіпқой бокс кешінде Қазақстан, Грузия, Украина, Беларусь және Өзбекстан елінен келген боксшылар бақ сынайтын болады.

Кәсіпқой бокс кешінде шаршы алаңға шығатын боксшылар

Адеркарт

Әли Ахмедов (дебют) – Сергей Крапшило (4 (3KO) -12-2)

Жартылай ауыр салмақ дәрежесіндегі (79,3 келіге дейін)4 раундтық айқас

Айдос Ербосынулы (3(3KO)-0-0) – Лаша Гургулиани (7(4KO)-0-0)

Орта салмақ дәрежесіндегі (72,6 келіге дейін) 6 раундтық айқас

Айдын Ельжанов (2(1KO)-0-0) – Хвича Гиголашвили (12(2KO)-12-0)

Екінші жеңіл салмақ дәрежесіндегі (55,3 келіге дейін) 6 раундтық айқас

Елдос Сарқұлов (3-0-0) - Шерзодбек Мамаджонов (9(KO)-13-4)

Бірінші жартылай орта салмақ дәрежесіндегі (63,5 келіге дейін)  6 раундтық айқас

Айдар Шәрібаев (1(1KO)-0-0) – Рубен Мовсесян (21(16 КО)-14-1)

Жеңіл салмақ дәрежесіндегі (61,2 келіге дейін) 6 раундтық айқас

Руслан Мырсатаев (1(1KO)-0-0) – Фарух Мадаминов (1(1KO)-4-1)

Ауыр салмақ дәрежесіндегі (90,7 келіден жоғары) 6 раундтық айқас

Берікбай Нұрымбетов (1-0-0) – Артур Земляной (1(1KO)-0-0)

Жартылай орта салмақ дәрежесіндегі (63,5 келіге дейін) 6 раундтық айқас

Басты айқас

Бекман Сойлыбаев (8(3KO)-0-0) – Николоз Кокашвили (17(7KO)-3-1)

Екінші жеңіл салмақ дәрежесіндегі EPBC WBC чемпиондық белбеуі үшін өтетін айқас