«Ювентус» бесінші жыл қатарынан Италия чемпионы атанды

О Сансызбай Корреспондент
«Ювентус» бесінші жыл қатарынан Италия чемпионы атанды
Фото ©️ vk.com

Туриннің «Ювентус» футбол клубы 2015/2016 жылғы маусымдағы Италия чемпионатында чемпион атанды. Олар бесінші жыл қатарынан чемпиондық атақты иеленіп отыр.

БӨЛІСУ

Италия «А» сериясының аяқталуына 3 тур қалғанда-ақ жеңімпаз анықтаып үлгерді. Неапольдық «Наполи» Римде «Ромаға» есе жібергеннен кейін, «Ювентус» жеңімпаз атанды. Туриндік клуб қалған 3 турда жеңілген күннің өзінде, «Наполи» ұпай саны бойынша оларға жете алмайды.

«Ювентус» өз тарихында 34-рет чемпион атанып отыр. Сондай-ақ, команда өз тарихындағы 1931-1936 жылдар аралығында 5 жыл қатарынан чемпион атанған жетістігін қайталап отыр.