Головкин допинг тестілеуінен өтті

Серікбол Ерсін Корреспондент
Головкин допинг тестілеуінен өтті
Фото ©️ k2promos.com

WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (34-0, 31 КО) америкалық Доминик Уэйдпен (18-0, 12 КО) жекпе-жегінің алдында допинг тестілеуінен өтті.

БӨЛІСУ

Бұл туралы ашық жаттығу кезінде Абель Санчес айтты. "Оны (Головкинді) бірнеше күн бұрын тексерген. Оған күш көптеген жаттығудан келеді", − деп мәлімдеді бапкер.

Головкин мен Уэйдтің ашық жаттығуы Лос-Анджелесте өтті. Боксшылар рингке Астана уақыты бойынша 24 сәуірде шығады. Тікелей эфирде жекпе-жекті "Қазақстан" телеарнасы көрсетеді. Бокс кешінің трансляциясы Астана уақыты бойынша кешкі 07.20-да басталады.

Дереккөз: tengrinews