Валерий Тихоненко: «Мен Кеңес кезінде де қазақ едім»

О Сансызбай Корреспондент
Валерий Тихоненко: «Мен Кеңес кезінде де қазақ едім»
Фото ©️ vesti.kz

«Астана» баскетбол клубының бас директеры Валерий Тихоненко Мәжіліс депутаты Мұхтар Тінікеевтің мәлемдемесіне өз жауабын айтты. Бұл туралы vesti.kz сайты жазды.

БӨЛІСУ

- Депутат Мұхтар Бәкірұлына неге жауап бермеске?! Халық таңдаған Парламент депутатының кәсіби спорт түрлерінен хабары жоқ. Біріншіден, мені барлығы Валерий Тихоненко ретінде таниды. Екіншіден, мен қазақстандықпын. Бүгінде Еуропада, әлемде, барлық жерде, тіпті Кеңес кезінде де мені қазақ деп таныды. Түрім қазаққа ұқсамағанмен, бірақ мен – қазақпын. Мен Кеңес құрамында қазақ болдым. Қазір де қазақпын. Біздің елде мен секілді қазақтар көп.

Команда тек шетелдіктерден тұрады деп айтыпсыз. Біздің команданың 80 %-ы қазақстандықтар. Рустам Ерғалиев, Антон Пономарев, Рустем Мырзағалиев, Виталий Лапченко мен Александр Жигулин бар. Мансабын Алматыда бастаған Алексей Жуканенко бар. Джерри Джонсонның Қазақстан азаматтығын алғанына 3 жыл болды. Ұлттық құрамада ойнап жүр. Ірі жетістіктерді де бағындырды.

Бізге бөлінген қаржы аз емес екені белгілі. Себебі, біздің клуб әуесқой спортпен айналыспайды. Әуесқой спортпен кез келген адам айналыса алады. Ал біз Қазақстанды халықаралық аренада танытып жүрміз. «Астана» баскетбол клубының құрылғанына 5 жыл болды. 3 жыл ВТБ лигасының плей-офф кезеңіне шықтық. Ал биыл қиын маусымды өткізіп жатырмыз. Ауыр сындар айтылуда. Бірақ, біз мұнымен тоқтап қалмаймыз, - деді Валерий Тихоненко.  

Айта кетейік, қазіргі таңда «Астана» баскетбол клубы ВТБ лигасында сәтті өнер көрсетіп келе жатқан жоқ. 12 ойын қатарынан жеңіліс тапқан клуб соңғы ойынында ғана Грузияның «Вита» клубын жеңген болатын.