Бельгиядағы лаңкестердің бірі танымал спортшының інісі болып шықты

О Сансызбай Корреспондент
Бельгиядағы лаңкестердің бірі танымал спортшының інісі болып шықты
Фото ©️ sports.ru

22 наурыз күні Брюссель әуежайында жарылыс жасаған лаңкестердің бірі Бельгиядағы танымал спортшының інісі болып шықты. Жарылыс жасаған Наджим Лаашрауидің ағасы Мурад Лаашрауи тхэквондодан ұлттық құрама сапында өнер көрсететін спортшылардың бірі.

БӨЛІСУ

Бельгия елінің басшылығы әуежайдағы жарылғыш затты Наджим Лаашрауи жасағанын анықтап отыр. Ал жанкештінің әкесі болса ұлымен үш жылдан бері арақатынастың үзілгенін айтқан. Ол осыған дейін де бірнеше рет бұзақылық жасаған екен.

Наджим Лаашрауидің ағасы Мурад елдегі белгілі спортшылардың бірі. Ол соңғы рет тхэквондодан Оңтүстік Кореяда өткен әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алған. Спортшының мансабына інісінің жасаған ісі кесірін тигізуі мүмкін. Олар Бельгияға Мароккодан көшіп келген.

Оң жақта - Наджим Лаашрауи, сол жақта - Мурад Лаашрауи 

Айта кетейік, 22 наурыз күні таңғы уақытта Брюссель әуежайында екі жарылыс болған еді. Үшінші жарылыс Мальбек метро станциясындағы вагонда болған-ды. Жарылыс салдарынан кем дегенде 34 адам қаза тауып, 200-ге жуық адам зардап шеккен-ді.