«Арландар» жекпе-жексіз жеңіске жетті

О Сансызбай Корреспондент
«Арландар» жекпе-жексіз жеңіске жетті
Фото ©️ vesti.kz

Дүниежүзілік бокс сериясында (WSB) ел намысын қорғайтын «Astana Arlans» клубының «Puerto Rico Hurricanes» клубына қарсы кездесуі өтпейтін болды. Пуэрто-Рикалық клуб С2 дәрежесіндегі боксшылардың кездесуін ұйымдастыра алмады.

БӨЛІСУ

«Astana Arlans» пен «Puerto Rico Hurricanes» клубтары арасындағы жекпе-жек 6 ақпан күні Сан-Хуан қаласында өтуі тиіс болатын. Алайда пуэрто-рикалық команда кездесуді кейінге шегерген-ді. Бүгін белгілі болғандай, қазақстандық клубтың қарсыластарына техникалық жеңіліс (5:0) нәтижесі жазылды.

Қос клубтың С1 дәрежесіндегі боксшылар арасындағы жекпе-жегі 26 наурыз күні Петропавл қаласында өтеді.