Головкин мен Уэйд көз арбасты

Yernar Almabek Корреспондент
Головкин мен Уэйд көз арбасты
Фото ©️ вк

WBA (Super), IBO, IBF және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин америкалық боксшы Доминик Уэйдпен көз арбасты.

БӨЛІСУ

Нью-Йоркте өткен баспасөз мәслихаты кезінде екі боксшы алғаш рет бетпе-бет жүздесті. Бұған дейін  Уэйд Лос-Анджелесте өткен тілшілермен кездесуінде келе алмаған болатын. Ауа райының қолайсыздығы салдарынан оның рейсі кешікті.


Айта кетейік, Головкин-Уэйд кездесуі 23 сәуірде "Форум" аренасында өтеді. Қазақстандық спортшы бұл жолы WBA титулын 16-шы рет, IBO атағын 13-шы рет, WBC (Interim) белбеуін төртінші рет және алғаш рет IBF титулын қорғайды. Головкин кәсіпқой бокста 34 жекпе-жек өткізіп, оның 31-ін уақытынан бұрын аяқтады. Ал Уэйдтің қоржынында 18 жеңіс бар. Ол 12 жекпе-жегін нокаутпен аяқтаған.