«Барыс» «Ақ Барыстан» ұтылды (видео)

О Сансызбай Корреспондент
«Барыс» «Ақ Барыстан» ұтылды (видео)
Фото ©️ vk.com

«Барыс» құрлықтық хоккей лигасының плей-офф кезеңінен шығып қалды. Қазақстандық клуб Қазанда «Ақ Барысқа» есе жіберіп, жағдайын қиындатып алды.

БӨЛІСУ

Андрей Назаров жаттықтыратын клуб маңызды ойында қарсыластарына 5:2 есебімен есе жіберді. Ал плей-офф кезеңіне берілер жолдамаға «Барыспен» қатар таласып келе жатқан «Нефтехимик» сырт алаңда «Ладаны» ұтты. Нәтижесінде қазақстандық клубтан 3 ұпайға озып кетті.

Елордалық клуб плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігін аз да болса сақтап отыр. Ол үшін Андрей Назаров шәкірттері сырт алаңда «Авангардты» ұтуы тиіс. Ал «Нефтехимик» өз алаңында «Салават Юлаевқа» есе жіберулері тиіс.

«Ақ Барс» — «Барыс» 5:2 (3:0, 2:2, 0:0)

Шайбалар:
1:0 — 02:59 Азеведо. Ойыншы басымдығында

2:0 — 09:04 Малыхин (Варнаков, Сидоров). Тең құрамда

3:0 — 15:55 Лукоянов (Шёгрен, Ткачёв). Тең құрамда

4:0 — 21:46 Малыхин (Обухов). Тең құрамда

4:1 — 24:10 Бойд (Доус, Боченски). Ойыншы басымдығында

4:2 — 26:49 Старченко (Краснослободцев). Тең құрамда

5:2 — 31:23 Токранов (Свитов). Тең құрамда

«Ақ Барс»: Галимов — Яруллин-Белов, Меллер-Азеведо-Мирнов, Корнеев-Дялога, Лукоянов-Ткачев-Шегрен, Захарчук-Уилсон, Обухов-Малыхин-Варнаков, Сидоров, Токранов-Свитов-Иванов;

«Барыс»: Полуэктов 00:00-09:04, Лацо 09:04-60:00 — Даллмэн-Ландин, Доус-Бойд-Боченски, Липин-Семенов, Краснослободцев-Худяков-Старченко, Трясунов-Савченко, Романов-Сен-Пьер, Воронцов, Лобанов-Рыспаев, Паньшин-Соларев-Михайлис.

Айып уақыты: 20:41 (2:2, 14:4, 4:35)

16 ақпан. Қазан. «Татнефть-Арена» 6328 жанкүйер.