Қазақстан жастары «Достастық кубогын» жеңіліспен бастады (видео)

О Сансызбай Корреспондент
Қазақстан жастары «Достастық кубогын» жеңіліспен бастады (видео)
Фото ©️ vesti.kz

Футболдан 21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы (U-21) Санкт-Петербургте басталған «Достастық кубогы» халықаралық турнирін жеңіліспен бастады. Отандастарымыз Молдова елінің жастарына 1:0 есебімен есе жіберді.

БӨЛІСУ

Молдова жастар құрамасына (U-21) жеңіс сыйлаған голды 68 минутта Дана Спатара соқты. Қазақстан жастары бірнеше рет қауіпті шабуылдар ұйымдастырғанмен, таблодағы нәтижеге өзгеріс енгізе алған жоқ.

«А» тобындағы бірінші ойындардың қорытындысы бойынша Қырғызстан мен Молдова жастары алғашқы 3 ұпайларына ие болды.