Қазақстан жастары Жапонияны жеңе алмады (видео)

О Сансызбай Корреспондент
Қазақстан жастары Жапонияны жеңе алмады (видео)
Фото ©️ vk.com

Футболдан 18 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы «Гранаткин Мемориалы» турнирінде Жапония жастарын екі доп басымдығымен жеңіп тұрып, жеңіліп қалды.

БӨЛІСУ

Топта аса жоғары нәтижеге қол жеткізе алмаған командалар 9-орынға таласты. Бірінші таймда Таканоба Нишимито өз қақпасына гол соғып, есеп ашты. 32 минутта Әлібек Қасым айып добын сәтті орындап, Қазақстан жастар құрамасын екі доп басымдығымен алға шығарды.

Екінші таймда Ойрат Садуов шәкірттері ойындағы басымдықтарын ұстап қала алмады. 61 минутта Хироки Ито есепті қысқартса, араға 2 минут сала Ретаро Ито таразы басын теңестіріп кетті. Ал ойынның аяқталуына 6 минут уақыт қалғанда Рей Моришито жапондарға жеңіс сыйлаған голды соғып кетті.

Қазақстан жастар құрамасы биылғы  «Гранаткин Мемориалы» турнирінде жанкүйерлерін желпінте алған жоқ. Топта Молдова жастарын жеңіп, Эстониямен тең тарқасты. Ресей мен Финляндия жастарына есе жіберді. Нәтижесінде 14 команданың ішінде 10-орынға тұрақтады.