Роберт Арзуманян мансабын Қазақстанда қайта жалғастыруы мүмкін

О Сансызбай Корреспондент
Роберт Арзуманян мансабын Қазақстанда қайта жалғастыруы мүмкін
Фото ©️ sport-xl.org

Армения ұлттық құрамасының қорғаушысы Роберт Арзуманян спорттық мансабын Қазақстанда қайта жалғастыруы мүмкін. Бұл туралы Армения мен Ресей сайттары хабарлауда.

БӨЛІСУ

Роберт Арзуманян жақын күндері Пермнің «Амкар» клубынан кетеді. Бұл туралы команданың бас директоры Игорь Резбухин хабарлаған. 30 жастағы футболшыға Қазақстанның бірнеше клубы қызығушылық танытып отыр екен.

Қорғаушы үшін Қазақстан премьер-лигасы таңсық емес. Ол 2013-2015 жылдар аралығында «Ақтөбе» клубының сапында ойнап, 57 ойында 4 гол соққан болатын.