"Барыс" жаңа аренадағы бірінші матчының алдында қой сойды

Мақпал Бисембаева Корреспондент
"Барыс" жаңа аренадағы бірінші матчының алдында қой сойды
Фото ©️ tn.kz

"Барыс" хоккей клубы жаңа мұз аренасындағы бірінші матчының алдында қой сойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

БӨЛІСУ

Бұл питерлік СКА-мен кездесу алдында болды. Бұл күні арена ҚХЛ комиссиясының тексеруінен екінші рет өтіп, чемпионат матчтарын өткізуге рұқсат алды.

Айта кетейік, аренадағылар қойдың қанын аренаға және "Барыстың" киім ауыстыратын бөлмесіне шашты. "Мен дайындалу үшін мұз үстінде қалдым, сондықтан қойдың қанының мұзға тамғанын көрдім. Бұл – дәстүр, ол сәттілік әкеледі", - деді "Барыс" қорғаушысы Дамир Рыспаев.

Еске сала кетейік, "Барыс" үшін жаңа аренадағы бірінші ойын сәтті аяқталды. Команда СКА-ны 4:2 есебімен жеңді.