«Барыс» Астанада «Спартакты» ұтты (видео)

О Сансызбай Корреспондент
«Барыс» Астанада «Спартакты» ұтты (видео)
Фото ©️ vk.com

Құрлықтық хоккей лигасында бақ сынайтын Астананың «Барысы» өз алаңында Мәскеудің «Спартак» клубын овертаймда ұтты.

БӨЛІСУ

«Қазақстан» спорт кешені мұз айдынында өткен ойынның негізгі уақыты 3:3 есебімен аяқталды. Бірінші кезеңде Константин Пушкарев соққан шайбадан кейін «Барыс» жеңіп шыққан-ды. Алайда екінші кезеңде «Спартак» хоккейшілері 3:2 есебімен басым түсіп, таразы басын теңестірді. 61 минутта Вячеслав Трясунов қазақстандық клубқа жеңіс сыйлаған шайбаны соғып, жергілікті жанкүйерлерді қуантты.

Айта кетейік, елордалық клубтың бас жаттықтырушысы қызметіне қайта тағайындалған Андрей Назаров үшінші ойында алғашқы жеңісіне жетіп отыр. Осыған дейін сырт алаңда Братиславада «Слован» мен Загребте «Медвешчакқа» есе жіберген болатын.