Жеңетініме сенімді болмасам жекпе-жекке келіспес едім - Лемье

Мақпал Бисембаева Корреспондент
Жеңетініме сенімді болмасам жекпе-жекке келіспес едім - Лемье
Фото ©️ tn.kz

IBF тұжырымы бойынша орта салмақта әлем чемпионы канадалық боксшы Давид Лемье қазақстандық Геннадий Головкинді жеңетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz порталы Vringe.com басылымына сілтеме жасап.

БӨЛІСУ

"Мен Головкинмен жұдырықтасуға дайынмын. Жалпы, жекпе-жекте жеңіске жететініме ешқандай күмән жоқ. Күмән болса, мен бұл кездесуге келісімімді бермейтін едім. Менің соңғы рет болған Н'Жикаммен кездесуім мені GGG-ге қарсы тұруыма жақсы дайындады деп есептеймін. Ол титулды жекпе-жек болды, жоғары деңгейде, психологиялық прессингке қарамастан мен керемет ойын көрсеттім", - деді ол.

Оның ойынша, Головкинмен кездесу оны ілгерілете түседі және ол өзін қазақстандық боксшыны жеңетін адам деп есептейді.

"Менде жеңіске қол жеткізуге қажеттінің барлығы бар: функционалдық, икем, күш, табандылық және жалпы талпыныс", - деп келтірді Лемьенің сөзін BoxingScene.

Еске сала кетейік, Давид Лемье мен Геннадий Головкин 17 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында жұдырықтасады. Бәске WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF чемпиондық белбеулері тігіледі. Сонымен бірге, бұл екі боксшының да PPV-дағы (ақылы трансляция жүйесі) бірінші кездесуі болмақ. Кездесуді "Қазақстан" телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.