«Барыс» қатарынан үшінші рет жеңілді

О Сансызбай Корреспондент
«Барыс» қатарынан үшінші рет жеңілді
Фото ©️ vk.com

Құрлықтық хоккей лигасында ел намысын қорғайтын Астананың «Барысы» буллит сериясында «Автомобилисттен» жеңілді. Екатеринбургте өткен ойында 2:1 есебі тіркелді.

БӨЛІСУ

Ойында бірінші болып Ерлан Сағымбаев шәкірттері есеп ашты. Алексей Кайгородовтың дәл пасын Константин Пушкарев сәтті пайдалана білді. Нәтижесінде бір шайба басымдығымен «Барысты» алға шығарды. Алайда екінші кезең басында «Автомобилист» хоккейшілері таразы басын теңестіріп кетті. Қорғаушылардың қателігі Александр Панковтың таразы басын теңестіруіне себепкер болды.

Үшінші кезең мен овертаймда қос команда жеңімпазды анықтай алмады. Нәтижесінде буллит сериясына кезек беріліп, алаң иелері мергендік танытып кетті.

«Барыс» үшінші рет қатарынан жеңіліс тауып отыр. 12 ойыннан 14 ұпай жинаған қазақстандық клуб 9-шы орында келеді.