Илья Ильин халықты мерекемен құттықтап, президентті қатты жақсы көретінін айтты

Қарлыға Бүйенбай Корреспондент
Илья Ильин халықты мерекемен құттықтап, президентті қатты жақсы көретінін айтты
Фото ©️ nur.kz

Қазақстандық ауыр атлет, екі дүркін Олимпиада чемпионы Илья Ильин барша қазақстандықты Қазақ хандығының 550 жылдығымен құттықтап, елбасының еңбегін ерекше атап өтті. Бұл туралы nur.kz хабарлады.

БӨЛІСУ

«Баршаңызды Қазақ хандығының 550 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын. Біз біртұтас байтақ елде өмір сүреміз, өзіміздің тарихымыз, тереңге жайылған түп-тамырымыз бар. Яғни елдің бүгіні мен келешегі де бар деген сөз. Еліміз өркендеп, қанатын кеңге жая берсін. Тек қана алға, тек қана жеңіс! Әрине, қазір қиын сәттерді бастан өткерудеміз, алайда жұмыла әрекет ете білсек, алынбайтын қамал жоқ. Біз бақытты халықпыз, себебі бізде барлығы жақсы», – дейді Ильин.

«Қазақ хандығының 550 жылдығы – бүкіл ел үшін айтулы дата. Әр қазақстандық елдің ертеңіне жауапты. Егер әр азамат сөз саласын дамытуға тамшыдай болса да үлесін қосса, бұл Қазақстанның үлкен бір ортақ жеңісіне айналады. Бұл тұста Қазақ хандығының 550 жылдығы да біртұтас халық ретінде жарқын болашаққа ұмтылуға тиіс екенімізді көрсетіп отыр», – дейді ол.

Сонымен қатар Олимпиада чемпионы мемлекет басшысының ел үшін атқарып жатқан жұмысын жоғары бағалап, қолдайтынын білдірді.

«Мен әрдайым президентіміздің ұстанған саясатын қолдаймын. Елбасыны қатты құрметтеймін, жақсы көремін және бағалаймын. Еліміздің өркендеуіне президенттің қосып отырған үлесі зор. Өз жұмысын 200% орындайды деп санаймын. Барлығы елбасының арқасы»,- деп атап өтті Илья Ильин.