Дзюдодан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жүлдесіз қалды

Мақпал Бисембаева Корреспондент
Дзюдодан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жүлдесіз қалды
Фото ©️ tn.kz

Астанада өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Моңғолияға есе жіберіп, қола жүлдені ала алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

БӨЛІСУ

66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ғабит Есімбетов Цагаанбаатар Хашбаатармен кездесті. Моңғол спортшысы қазақстандықты жеңді.

73 келіге дейінгі салмақта татамиге Жансай Смағұлов пен Одбаяр Ганбаатар шықты. Жекпе-жекті ары қарай 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Әзиз Қалмақанұлы мен Ууганбаатар Отгонбаатар жалғастырды.

Айта кетейік, әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін таласта Қазақстан спортшылары Аустралияны айқын басымдықпен жеңіп, кейін жапон дзюдошыларынан жеңіліп қалған еді.