«Барыс» «Президент кубогын» жеңіп алды

О Сансызбай Корреспондент
«Барыс» «Президент кубогын» жеңіп алды
Фото ©️ shaiba.kz

Хоккейден Астананың «Барыс» клубы жаңа мұз айдынында өткен «Президент кубогы» турнирінде жеңімпаз атанды. Қазақстандық клуб шешуші ойында Владивостоктың «Адмирал» клубын жеңіп шықты.

БӨЛІСУ

Ойында қазақстандық клуб 3:2 есебімен жеңіске жетті. «Барыс» сапынан Брэндон Боченски, Евгений Рымарев пен Роман Старченко шайба авторлары атанса, «Адмирал» сапынан Максим Мамин мен Константин Макаров мергендігімен көзге түсті.

Шайбалар:
1:0 — 20:27 Боченски (Даллмэн, Доус). Тең құрамда 
1:1 — 24:46 Мамин (Яковлев). Тең кұрамда
2:1 — 35:42 Рымарев (Жайлауов). Тең құрамда 
2:2 — 36:17 Макаров (Александров). Тең кұрамда
3:2 — 62:09 Старченко (Жайлауов). Басымдылықта

Қақпашылар: Лацо — Бобков
Айып уақыты: 4:12 (2:2, 2:4, 0:6, 0:0)