Азамат Айтқожин ҚФФ бас хатшысы қызметіне тағайындалды

О Сансызбай Корреспондент
Азамат Айтқожин ҚФФ бас хатшысы қызметіне тағайындалды
Фото ©️ kff.kz

Қазақстан футбол федерациясының атқарушы комитеті бас хатшы қызметіне Азамат Айтқожин Серікұлын тағайындалды. Бұл туралы ҚФФ баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Азамат Айтқожин осы уақытқа дейін Қазақстан футбол федерациясының атқарушы директоры қызметін атқарып келген. Ал спорт саласындағы қызметін 2003 жылы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стдаионның директоры болып бастаған. Кейін «Жеңіс» футбол клубына жетекшілік етіп, командамен бірге ҚР чемпионатының қола жүлдесі және Қазақстан Кубогын жеңіп алды. Сонымен қатар, Астана қаласының туризм және спорт департаментінің басшысы болған.

2007-2009 жылдар аралығында «Астана-Арена» спорт кешенінің директоры болды. Сондай-ақ, «Жастар» спорт сарайын басқарды. Кейін «Астана» футбол клубының президенті болып, командамен бірге Қазақстан кубогын жеңіп алды. 

БӨЛІСУ