Қазақстан құрамасы «Дэвис кубогының» жартылай финалына шыға алмады

Нұржігіт Айдархан Корреспондент
Қазақстан құрамасы «Дэвис кубогының» жартылай финалына шыға алмады
Фото ©️ daviscup.com

Үлкен теннистен Қазақстан ұлттық құрамасы «Дэвис кубогының» ширек финалында Аустралия құрамасымен кездесіп, 3:2 есебімен жіңілді. Осылайша Қазақстан құрамасы теннисшілері жартылай финал жолдамасынан қол үзді. 

БӨЛІСУ

Отандастарымыз жарыстың бірінші күнінде 2:0 есебімен алға шыққан болатын. Алғаш боп кортқа шыққан Михаил Кукушкин Танаси Коккинакисті ұтса, артынша Александр Недовесов Аустралияның №1 ракеткасы Кирьосты жеңді. 

Екінші жарыс күні командалық бәсекеде Андрей Голубев пен Александр Недовесов жұбы аустралиялықтарға 4:6, 6:7, 2:6 есебімен есе жіберді.  

Михаил Кукушкин аустралиялық Самуэль Гроттан төрт сетте 6:3, 7:6 (8:6), 4:6,. 7:6 (8:6) есебімен ұтылды. 

Ең соңғы шешуші кездесу қазақстандық Александр Недовесов пен Ллейтон Хьюитт арасында өтті. Тартысты кездесу 7:6 (7:2), 6:2, 6:3 есебімен аяқталып, аустралиялық теннисшінің пайдасына шешілді.