ESPY сыйлығы Головкинге бұйырмады

О Сансызбай Корреспондент
ESPY сыйлығы Головкинге бұйырмады
Фото ©️ vk.com

Лос-Анджелесте жылдың үздік спортшысына берілетін ESPY Award сыйлығы табысталды. Биыл бұл марапатқа америкалық ережесіз жекпе-жек шебері, UFC тұжырымындағы әлем чемпионы, әрі актриса Ронда Роузи ие болды.

БӨЛІСУ

ESPN телеарнасы ESPY Award сыйлығын бір жыл ішінде спортта едәуір жетістікке жеткен спортшыларға беруді 2007 жылдан дәстүрге айналдырып келеді. 1993 жылдан бері әлемге танымал бола бастаған телеарнаның «жылдың үздік спортшысы» аталымынан өзге де марапаттары бар.

Биыл ESPY Award сыйлығына үміткерлер қатарында отандасымыз Геннадий Головкин де бар еді. Сауалнама қорытындысы бойынша қазақстандық боксшының алдын ережесіз жекпе-жек шебері Ронда Роузи орап кетті. Бұл атақтан Геннадий Головкиннен бөлек, боксшылар Флойд Мейвезер (бұл даңқты 6 рет иеленген) мен Теренс Кроуфорд, сондай-ақ ережесіз жекпе-жек шебері Дональд Серроне да үмітті болған.

ESPY Award сыйлығы – спортшылар үшін мәртебелі марапаттардың бірі. Спорттағы маңызы жоғары сыйлықты музыкадағы - «Грэмми», телеарналар жүйесіндегі - «Эмми», киноматографиядағы - «Академия», театр өнеріндегі - «Тони» сыйлықтарымен бір қатарда деп айтуға болады.