Қазақстандықтар «Астана» - «Марибор» ойынын тікелей эфирде тамашалай алмайды

О Сансызбай Корреспондент
Қазақстандықтар «Астана» - «Марибор» ойынын тікелей эфирде тамашалай алмайды
Фото ©️ kaztrk.kz

Қазақстандықтар Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңі аясындағы «Марибор» (Словения) мен «Астана» ойынын «Қазақстан» арнасынан тікелей эфирде тамашалай алмайды. Бұл туралы телерадиокорпорацияның баспасөз қызметі хабарлап отыр.

БӨЛІСУ

Словенияның телеарнасы «Марибор» мен «Астана» кездесуінің көрсетілімін беруден бас тартқан. Бас тартуының себептерін түсіндіріп отырған жоқ. Осыған дейін аталған көрсетілім «Қазақстан» телеарнасында 14 шілде күні сағат 00.30-да, ал келесі күні, яғни 15 шілде күні екі рет қайталаумен «Kazsport» телеарнасынан көрсетіледі деп жоспарланған болатын.

Қазіргі уақытта балама нұсқаны іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, көрсетілім «Марибор» клубының ресми сайтында жүргізілуі мүмкін. Бұл туралы қосымша хабарланатын болады.