Қазақстанға футбол жұлдызы Каха Каладзе келеді

Ербол Жұмабайұлы Корреспондент
Қазақстанға футбол жұлдызы Каха Каладзе келеді
Фото ©️ img.cityinfo.az

Қазақстанға футбол жұлдызы Каха Каладзе келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Kazenergy қауымдастығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

БӨЛІСУ

Баспасөз қызметінің мәліметінше, әлемдік дәрежедегі футбол жұлдызы, қазіргі уақытта Грузия вице премьер-министрі және энергетика министрі Каха Каладзе Астанада 29 қыркүйек пен 1 қазан аралығында өтетін X Kazenergy Еуразиялық форумына қатысады.

"УЕФА чемпиондар лигасын екі рет жеңіп алған Грузияның бес мәрте футбол чемпионы және жалғыз грузин футболшысы өзінің саяси қызметін бастағанына көп болған жоқ. Мемлекеттік қызметкер ретінде Каладзе елінің энергетика саласын дамытуға зор үлес қоса отырып, өзін саяси көшбасшы ретінде таныта алды", - дейді баспасөз қызметіндегілер.