Фалькао мансабын «Челсиде» жалғастыратын болды

О Сансызбай Корреспондент
Фалькао мансабын «Челсиде» жалғастыратын болды
Фото ©️ eurosport.ru

Өткен маусымда ағылшындық «Манчестер Юнайтед» сапында өнер көрсеткен шабуылшы Радамель Фалькао мансабын лондондық «Челсиде» жалғастыратын болды. Роман Абрамовичтің командасы колумбиялық футболшыны сатып алу үшін 40 миллион евро шығындауға дайын екен.

БӨЛІСУ

Француз басылымы «Lequipe» таратқан ақпарат бойынша, Радамель Фалькао мен лондондық клуб осы аптаның соңында өзара келісімге қол қояды. Футболшы қазіргі таңда ұлттық құрамамен Чилидегі Америка кубогына қатысуда.

«Ақсүйектер» сапында Радамель Фалкаоның бұрынғы командаластары Тибо Куртуа мен Диего Коста өнер көрсетіп келеді. Осыған дейін үш ойыншы мадридтік «Атлетико» сапында әлемге танылған болатын. Фалькао клуб сапында аптасына 365 000 евро алатын болады. Бұл жалақы шабуылшының «Манчестер Юнайтед» және «Монако» сапында алған қаржысынан аз көлемде.

Айта кетейік, өткен маусымда «Монако» колумбиялық шабуылшыны манкуниандық клубқа жалға берген болатын. Фалькао «қызыл сойқандар» сапында 26 ойынға қатысып, 4 гол соғып, 5 нәтижелі пас берген.