Қазақстан құрамасы 16 маусымда жолдастық кездесу өткізбейтін болды

О Сансызбай Корреспондент
Қазақстан құрамасы 16 маусымда жолдастық кездесу өткізбейтін болды
Фото ©️ kff.kz

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 16 маусым күні Угандамен футболшыларымен жолдастық кездесу өткізбейтін болды. Ал негізінен бұл күні отандастарымыз Кабо-Верде құрамасымен кездесетінін бір ай бұрын хабарлаған болатын.

БӨЛІСУ

Кабо-Верде құрамасы Қазақстанға келе алмайтынын соңғы күндері ғана айтты. Ал Уганда футбол федерациясымен өткен келіссөздер өз нәтижесін бермеген. ҚФФ жолдастық кездесудің өтпеуінің ресми себептерін алдағы уақытта хабарлайтын болады.

Айта кетейік, кеше 2016 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Қазақстан құрамасы Түркияға есе жіберіп алған болатын.