Аягөзде қазақ күресінен ел чемпионаты мәресіне жетті

О Сансызбай Корреспондент
Аягөзде қазақ күресінен ел чемпионаты мәресіне жетті
Фото ©️ kazakhstanbarysy.kz

Аягөз қаласында қазақ күресінен ел чемпионаты мәресіне жетті. Төрт күнге созылған додада ерлер мен әйелдер боз кілемде чемпиондарды анықтады.

БӨЛІСУ

Ел чемпионатында әйелдер 48, 52, 57,63, 70, 78 және +78 келі салмақ дәрежелерінде белдессе, ерлер 55, 60, 66, 74, 82, 90, 100 және +100 келі салмақ дәрежелерінде жеңімпаздарды анықтады. Жарысқа жалпы саны 250-ден астам спортшы қатысты.

Аягөз боз кілемінде «Қазақстан барысына» қатысатын балуандар да бақ сынады. Республикалық турнирдің үміткерлері қатарында 100 келіге дейінгі салмақта Сыр өңірінің балуаны Нұрым Сәлімгереев чемпион атанды. Ол алдағы «Қазақстан барысында» Қызылорданың намысын қорғайтын болады. 20 жастағы Нұрым биыл сәтті өнер көрсетіп келеді. Қызылордадағы іріктеу кезеңінде Руслан Әбдіразақовты жеңсе, ел чемпионатының финалында өткен «Қазақстан барысыны» күміс белбеу иегері Асыл Барменовтен басым түсті.

100 келіден жоғары салмақта Бейбіт Ыстыбаев чемпион атанды. Күміс жүлдені тағы бір жамбылдық балуан Жасұлан Әбішев иеленсе, қоланы Айбек Нұғымаров пен Талғат Әміренов қанағат тұтты.

Түйе балуандар белдесуінде Айбек Нұғымаровтың асығы алшысынан түсті. Ол финалда биылғы «Қазақстан барысы» қатысушыларының бірі Ғани Сайдулдаевты жеңді.

Ел чемпионатының жеңімпаздары, ерлер

55 келі:

1. Нығматуллаев Марат (Алматы облысы)

2. Берекетов Мейіржан (ШҚО)

3. Мұхаметжанов Әлішер (Қостанай)

4. Кеулімжай Абылайхан (Жамбыл)

60 келі:

1. Бозов Медет (Қарағанды)

2. Ысқақов Қуаныш (ШҚО)

3. Шегенов Талғат (Астана)

4. Сатыбалдинов Амангелді (Алматы облысы)

66 келі:

1. Түсіпханов Аслан (ШҚО

2. Сабитов Дәулет (Астана) 

3. Сыздықов Едіге (Қарағанды

4. Адыханов Медет (Қарағанды)

74 келі:

1. Төлемісов Амангелді

2. Абдырахманов Ғалымжан

3. Рыздықов Мереке 

4. Барбанов Бахытжан

82 келі:

1. Мұзаппаров Ерсұлтан (ОҚО

2. Ғалымов Айдос (Қарағанды

3. Шілдебаев Наурызбай (Астана) 

4. Қарақатеров Тоқтар (Алматы облысы)

100 келіге дейін:

1. Сәлімгереев Нұрым (Қызылорда

2. Барменов Асыл (Қарағанды

3. Мамбетқұлов Асан (Астана) 

4. Жоламанов Дархан (Павлодар)

100 келіден жоғары:

1. Ыстыбаев Бейбіт (Жамбыл облысы)

2. Әбішов Жасұлан (Жамбыл облысы)

3. Нұғымаров Айбек (ШҚО)

4. Әмренов Талғат (ШҚО)

Түйе балуан:

1. Нұғымаров Айбек (ШҚО

2. Сейділдаев Ғани (Астана) 

3. Мыңғышов Нұрсұлтан (ОҚО

4. Исағабылов Мақсат (Қызылорда)

Әйелдер

55 келі:

1. Казюлина Анна (ШҚО)

2. Ерболова Гүлнұр (Алматы облысы)

3. Дүйсембаева Ботагөз (Астана)

4. Жұмашева Сонунбу (Жамбыл облысы)

65 келі:

1. Файзолланова Замзагүл (ШҚО)

2. Жұмабаева Анара (ШҚО)

3. Сүлейменова Анель (Атырау)

4. Әділбаева Файза (Атырау)

75 келі:

1. Смағанбетова Ақтолқын (Жамбыл облысы)

2. Мамонтова Марина (Қостанай)

3. Құдайбергенова Мереке (Қызылорда)

4. Тайжанова Қалажан (Атырау)

75 келіден жоғары:

1. Байбатина Зарина (Павлодар облысы)

2. Мұхамедиярова Зульфия (ШҚО)

3. Шегенова Арайлым (Жамбыл облысы)

4. Амантаева Гүлнар (Ақтөбе облысы)