Қазақстандық балуандардың UWW рейтингіндегі көрсеткіші жаңарды

О Сансызбай Корреспондент
Қазақстандық балуандардың UWW рейтингіндегі көрсеткіші жаңарды
Фото ©️ zimbio.com

Халықаралық күрес қауымдастығы (UWW) әлемдік рейтингін жаңартты. Мамыр айында өткен Азия чемпионатындағы көрсеткіштеріне орай отандастарымыздың да нәтижелері өзгерген.

БӨЛІСУ

Қазақстандық «классик» балуандар арасында Нұрмахан Тінәлиевтің көрсеткіші жоғары тұр. Ол Катардағы Азия чемпионатында чемпион атанып, бесінші орнын сақтап қалған. Ал 66 келіде белдесетін Демеу Жадыраев 16-шы орыннан 12-ші орынға көтеріліпті. Ал 75 және 98 келі салмақ дәрежелеріндегі рейтингке қазақстандық балуандар енбеген.

59 келі: Алмат Кебіспаев - 17 орын (14)

66 келі: Демеу Жадыраев - 12 орын, (16), Әлібек Еңсеханов – 14 орын (12)

80 келі: Асхат Дильмұхамедов – 16 орын (16)

85 келі: Нұрсұлтан Тұрсынов – 18 орын (20)

130 келі: Нұрмахан Тінәлиев - 5 орын (5)

Еркін күрестен Азия чемпионы атанған Дәулет Ниязбековтің рейтингтегі нәтижесі жоғарылаған. Отандасымыз 61 келіге дейінгі салмақта әлемнің үздік жеті балуанының қатарына еніп отыр. Ал бұл салмақтағы Артас Сана 13-ші орынға сырғыпты. 125 келіде Дәулет Шабанбай өз орнын сақтап қалған. Өзге салмақтарда қазақстандықтар үздік 20 балуанның қатарына қосылмаған.

61 келі: Дәулет Ниязбеков – 7 орын (11), Артас Сана – 13 орын (12)

125 келі: Дәулет Шабанбай – 18 орын (18)

(Жақша ішіндегі сандар соңғы рейтингтегі көрсеткіштері)