Ярослава Шведова жұптасып өнер көрсетуден Мадридтегі турнирде жеңімпаз атанды

Нұржігіт Айдархан Корреспондент
Ярослава Шведова жұптасып өнер көрсетуден Мадридтегі турнирде жеңімпаз атанды
Фото ©️ zimbio.com

Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова жұптасып өнер көрсетуден Мадридтегі турнирде жеңіске жетті. Турнирдің жүлде қоры 4,2 миллион АҚШ долларын құрады.

БӨЛІСУ

Қазақстан спортшысы австралиялық Кейси Деллакуамен бірге жұпасып өнер көрсетті. Финалдық ойында олар испаниялық Гарбинье Мугуруса мен Карла Суарес-Наварромен кездесіп, 6:3, 6:7 (4:7), 10:5 есебімен басым түсті. Кездесу 1 сағат 39 минутқа созылды.

Шведова мен Деллакуа жартылай финалда чех Люсия Шафаржова мен америкалық Бетани Маттек Сандсті 7:5, 3:6 (10:7) есебімен жеңген болатын.

Жұптасып өнер көрсетуде Шведова осымен он бірінші рет жеңіс тұғырына көтерілсе, австралиялық теннисші өз мансабында төртінші мәрте жеңімпаз атанды. 

Шведова мен Кейси Деллакуа жұбы алғаш рет бірлесе өнер көрсетіп отыр. Енді олар Римдегі жарыста және Роллан Гарроста бірге ойнайтын болады.