Қазақстандық дзюдошы кадеттер Берлиннен бес жүлде олжалап қайтты

О Сансызбай Корреспондент
Қазақстандық дзюдошы кадеттер Берлиннен бес жүлде олжалап қайтты
Фото ©️ eju.net

Берлинде дзюдодан кадеттер арасындағы «European Judo Cup» халықаралық турнирі мәресіне жетті. Еліміздің намысын қорғаған дзюдошылар 1 күміс 4 қола еншілеп қайтты.

БӨЛІСУ

Ерлер арасында 73 келіге дейінгі салмақта татамиге шыққан Мәди Амангелді шешуші белдесуде ресейлік Арам Григорянға есе жіберіп, күміс жүлде еншіледі. Ал Айболат Ыстыбай (50 келі), Ақылбек Ерден (55 келі) мен Қуан Барыс (66 келі ) қола медаль иегерлері атанды. Қыздардан Аида Карчаева ( 52 келі) жарыстың қола жүлдесін жеңіп алды.