«Челси» Англия чемпионы атанды

О Сансызбай Корреспондент
«Челси» Англия чемпионы атанды
Фото ©️ Getty Images

Футболдан лондондық «Челси» өз тарихында Англия чемпионы атағын 5-ші рет жеңіп алды. Маусымның аяқталуына 3 тур қалғанда Жозе Моуринью баптайтын ұжым қарсыластарынан 13 ұпайға қара үзіп кетті. Нәтижесінде мезгілінен бұрын чемпиондық атақты иеленді.

БӨЛІСУ

«Ақсүйектер» бүгін өз алаңында «Кристал Пэлас» клубын 1:0 есебімен жеңді. Лондондық клубқа чемпиондық атақ алып келген голды 45 минутта Эден Азар соқты.