«Челси» жастары УЕФА лигасын жеңіп алды

О Сансызбай Корреспондент
«Челси» жастары УЕФА лигасын жеңіп алды

Футболдан Лондонның «Челси» клубының жасөспірімдері өз қатарластары арасында УЕФА лигасын жеңіп алды. Шешуші ойында олар донецкілік «Шахтер» өрендерінен 3:2 есебімен басым түсті.

БӨЛІСУ

Финалдық кездесу Швейцарияның Ньон қаласында өтті. «Челси» жастары қатарынан Айза Браун дубль орындаса, бір голды Доминик Соланке өз еншісіне жазды. Украиналық ұжым сапынан Виктор Коваленко гол соқса, «ақсүйектер» қорғаушысы Андреас Кристенсен өз қақпасына гол соғып алды. Нәтижесінде «Челси» жастары Англия тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасын жеңіп алып отыр.

Айта кетейік, жасөспірімдер арасындағы УЕФА лигасы 2013/2014 жылғы маусымнан басталды. Өткен жылы каталондық «Барселона» жеткіншіктері финалда лиссабондық «Бенфика» жастарын 3:0 есебімен жеңіп, жеңіс тұғырынан көрінген болатын. 

Cурет: vk.com