Зарина Диас Чарльстондағы жарысты ерте аяқтады

О Сансызбай Корреспондент
Зарина Диас Чарльстондағы жарысты ерте аяқтады

Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Диас АҚШ-тың Чарльстон қаласында басталған жүлде қоры 731 мың долларды құрайтын халықаралық турнирді ерте аяқтады. Отандасымыз 1/32 финалда чех теннисшісі Луция Градецкаядан ұтылып қалды.

БӨЛІСУ

Зарина Диас кездесуді сәтті-ақ бастаған еді. Бірінші сетте 6:4 есебімен жеңіп шыққанмен, кейінгі екі сетте қарсыласына 1:6, 3:6 нәтижелерімен есе жіберіп алды. Кездесу екі сағат тоғыз минутта аяқталды.

Екінші бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцева да жарыстың негізгі кезеңіне жолдама ала алмады. Ол ресейлік Елена Родионоваға 3:6, 3:6 есептерімен есе жіберді.

Чарльстондағы жарысты қазақстандық бір теннисші ғана жалғастыратын болады. Ол – Ярослова Шведова. Отандасымыз 1/16 финалда румын теннисшісі Ирина Бегумен кездеседі. Кездесу уақыты ертең кешке белгіленген. 

Cурет: sports.kz