Зарина Диастың WTA рейтингіндегі жеке рекордын жаңартар күні жақын

О Сансызбай Корреспондент
Зарина Диастың WTA рейтингіндегі жеке рекордын жаңартар күні жақын

Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Диас WTA жаңарған рейтингінде бір саты жоғарылап, 31-ші орынға (1425 ұпай) тұрақтады. Бұл нәтиже – отандасымыздың спорттық мансабындағы ең жоғарғы көрсеткіші. Десе де екінші рет бұл межені бағындырып отыр. Алдағы Чарльстонда өтетін додада өзін тамаша қырымен таныта білсе, бұл рекордын жаңартуына мол мүмкіндік бар.

БӨЛІСУ

Зарина Диас бүгін түнде Чарльстонда (АҚШ) басталатын «Family Cup» халықаралық турнирінің жарыс жолына шығады. Қарсыласы – чех елінің теннисшісі Луция Градецкая. Ол WTA рейтингінде 111-ші сатыға орналасқан.

Қазақстандық өзге екі теннисші Ярослава Шведова WTA рейтингінде 74-орыннан 78-орынға төмен сырғыса, Юлия Путинцева 102-орыннан 99-орынға көтерілді. Екеуі де Чарльстондағы жарысқа қатысатын болады.

Ерлер арасындағы АТР рейтингінде Михаил Кукушкин 57-орыннан 53-орынға көтерілсе, Андрей Голубев 89-орыннан 96-орынға төмендеді. Ал әлемдік рейтингте әйелдер арасында америкалық Серена Уильямс пен ерлер арасында серб Новак Джокович бірінші орында тұр.

Сурет: kazpravda.kz