Допты хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында қола жүлде иеленді

О Сансызбай Корреспондент
Допты хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында қола жүлде иеленді

Допты хоккейден (бенди) Ресейде өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы қола жүлдені жеңіп алды. Отандастарымыз үшінші орын үшін өткен ойында Финляндиядан басым түсті.

БӨЛІСУ

Қазақстан құрамасы бірінші таймда 4:5 есебімен ұтылып шыққанмен, екінші таймда қарсыластарының осал тұстарын таба білді. Нәтижесінде 8:6 есебімен жеңіске жетіп, әлем чемпионатының қола жүлдесін төртінші жыл қатарынан жеңіп алды. Ал оған дейін 2003 және 2005 жылдары да қолаға қол жеткізген еді.

Айта кетейік, жартылай финалда Қазақстан құрамасы Ресейге 14:0 есебімен ұтылса, Финляндия Швецияға 10:1 есебімен есе жіберген болатын. Ресей мен Швеция арасындағы шешуші ойын ертең өтеді. 

Cурет: megaice.kz

Ұқсас жазба

Допты хоккейден Қазақстан құрамасы қола жүлдеге таласады