Мишель Платини УЕФА президенті болып үшінші рет сайланды

О Сансызбай Корреспондент
Мишель Платини УЕФА президенті болып үшінші рет сайланды

УЕФА басшысы Мишель Платини қауымдастықтың президенті болып үшінші мәрте сайланды. Бұл туралы УЕФА-ның Венада өткен XXXIX конгресінде мәлім болды, деп жазады "Р-Спорт".

БӨЛІСУ

Венада өткен конгресте Еуропа футбол қауымдастығы одағының басшысы қызметіне Платини лайық деп табылды. Дауыс беруде ол жалғыз кандидат болды. Конгреске ұйымға кіретін барлық 54 қауымдастықтың өкілдері қатысты.

Француздық бұрынғы футболшы Мишель Платини бұл орынға 2007 жылы отырған болатын. Іскерлігімен көзге түскен ол араға төрт жыл салып қайта сайланды. Енді міне, 59 жастағы Мишель Платини тағы да төрт жыл УЕФА президенті қызметін атқаратын болады.

Мишель Платини 1955 жылы Францияда туған. 1984 жылы Еуропа чемпионы атанып, франциялық «France Football» басылымының нұсқасы бойынша Францияның ХХ ғасырдағы үздік футболшысы деп танылған. Үш мәрте (1983, 1984 және 1985) «Алтын доп» иегері атанған. 

Сурет: sport.fakt.pl