Қанат Исламның қарсыласы ауысты

Еркебұлан Қайрахан Корреспондент
Қанат Исламның қарсыласы ауысты

23 наурызда бірінші орта салмақтағы 30 жастағы қазақстандық боксшы Қанат Ислам ұзақ үзілістен кейін рингке қайта оралмақ, – деп жазады inform.kz.

БӨЛІСУ

Бастапқыда Қанат атағы шыға қоймаған колумбиялық боксшы Карлос Гальванмен (10-2-1, 9 КО) кездесуі тиіс болатын, бірақ белгісіз себептермен ол жекпе-жектен бас тартты.

Енді қазақстандыққа басқа колумбиялық боксшы Орландо Хесус Эстрада (11-6-1, 9 КО) қарсы шығатыны белгілі болды. Ол Қанат Исламға тиесілі WBA Fedelation титулы үшін бақ таластырады.

Орландо Де Хесус Эстрада бірінші орта салмақ боксшылары арасында рейтингте 354-ші орында.

сурет: tengrinews.kz