Аршавин кешірім сұрады

Ла Лига Корреспондент
Аршавин кешірім сұрады

Ресей құрамасының команда капитаны Андрей Аршавин ширек финалға өте алмағандары үшін жанкүйерлер алдында кешірім сұрады. "Біз көрсеткен көрсеткіш біздің көңіл-күйді, жанкүйерлердің көңіл-күйін де түсірді. Біз мұны түсінеміз. Сондықтан өз атымнан және ойыншылардың атынан Еуро-2012 турнирінде көрсеткен ойын өрнегіміз үшін кешірім сұрағым келіп отыр"- деп "100 ТВ" телеканалына берген сұхбат барысында ағынан жарылды.

БӨЛІСУ

Команда капитаны болып жатқан жаңалықтарға қарап құр алақан отыруға болмайтынын, сондықтан бір ауыз сөзін айту үшін осы бір сәтті таңдап алғанын, бір жолға кешірім сұрайтынын және осы тақырыпты қайта қозғағысы келмейтінін мәлімдеді. 

Айта кетсек, гректермен болған ойында ресейліктер күтпеген жерден ұтылып қалған болатын. Содан бері үлкен сынның астында қалып келіп еді. Ал бейсенбі күні "Газпромның" басқарма төрағасының орынбасары Валерий Голубев Аршавинді елден жөнелту жөнінде ұсыныс тастаған еді. 

Сурет:vesti.kz

Дайындаған: Фараби Бақыт