Андре Шюррле бундеслигаға қайта оралды

О Сансызбай Корреспондент
Андре Шюррле бундеслигаға қайта оралды

Лондонның «Челси» командасында өнер көрсетіп келген Андре Шюррле өз еліне оралды. Ол енді «Вольфсбург» командасының намысын қорғайтын болады. Бұл туралы бундеслиганың ресми сайты хабарлап отыр.

БӨЛІСУ

24 жастағы Германия ұлттық құрамасының ойыншысы жаңа командасымен 2019 жылға дейін келісімшартқа қол қойған. Футболшы «Вольфсбург» командасы сапында жылына 6 миллион евро көлемінде жалақы алатын болады.  Ал трансфер құны 33 миллион евроны құраған.

2014 жылғы әлем чемпионы «ақсүйектер» сапына леверкузендік «Байерден» 2013 жылдың жазында ауысып барған болатын. 58 ресми ойынға қатысып, 13 гол соққан.

Жозе Моуринью алдағы уақытта команда сапына жартылай қорғаушы Хуан Куадрадоны шақыруды жоспарлауда. Жақын арада колумбиялық ойыншымен келісімшарт мәселесін шешпек.  

Сурет: by.tribuna.com

Оқи отырыңыз

Азия кубогында футболшылар темекі шегіп ұсталды

Арда Тұран ашуын жеңе алмады (видео)

Катар елі әлем чемпионаты кезінде алкогольді ішімдіктер сататын болды