Рамос "Реал Мадрид" командасымен қош айтыспақ

BAUKENTI ZHAQSYMBET Корреспондент
Рамос "Реал Мадрид" командасымен қош айтыспақ

«Реал Мадрид» командасының қорғаушысы Серхио Рамос мадридтік клубпен келісімшартты ары қарай созудан бас тартты. Бұған себеп - «Реалдың» Рамосқа ұсынып отырған жылдық соммасы 6 миллион еуродан кем болып отыр.

БӨЛІСУ

Соңғы уақыттарда команданың тасқамал қорғаушысы өз қақпасына келген қауіптің бетін қайтарып қана қоймай, маңызды ойындарда көптеген гол салып, командасын жеңіске жетелеген. Бұдан бөлек, Рамос өзінің сұхбаттарында мансабын «Реал» құрамында аяқтауды да жөн деп санап жүргенін айтқан болатын.

«Реал Мадрид» құрамында 6 миллион еуродан жоғары алатын төрт қана футболшы бар. Олар: Икер Касильяс (6 млн), Кәрім Бензема (8млн), Гарет Бейл 11 (млн), және Криштиану Роналду (17 млн).

Сурет: welt.de