Иса Ақбербаев келесі жекпе-жегін Германияда өткізеді

Шерхан Талап Корреспондент
Иса Ақбербаев келесі жекпе-жегін Германияда өткізеді

IBO Intercontinental тұжырымы бойынша бірінші ауыр салмақтағы әлем чемпионы, отандасымыз Иса Ақбербаев келесі жекпе-жегін 28 ақпан күні Гамбургте өткізетін болды. Бұл туралы ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі "Иса Акбербаев" бірлестігі хабарлады.

БӨЛІСУ

Қазақстандық боксшының қарсыласының кім екені әзірге белгісіз. Титулдық жекпе-жек 12 раундқа созылады. Бұл кездесу Иса Ақбербаевтың кәсіпқой бокстағы он алтыншы жекпе-жегі (бір кездесудің нәтижесі есепке алынбаған) саналады. Барлық кездесуінде жеңіске жеткен жерлесіміз он жекпе-жегін нокаутпен аяқтаған.

Иса Ақбербаев ең соңғы жекпе-жегін өткен жылдың 11 желтоқсанында Мәскеуде Игорь Караваевқа қарсы өткізіп, уақытынан бұрын жеңіске жеткен болатын. Жерлесіміз Беларусь елінің боксшысын бірінші раундтың екінші минутында ұрып құлатты.

Сурет: vk.com/akberbayev