Ширмялис «Достастық кубогына» баратын шәкірттерінің тізімін шығарды

О Сансызбай Корреспондент
Ширмялис «Достастық кубогына» баратын шәкірттерінің тізімін шығарды

Екі күннен кейін Ресейдің Санкт-Петербор қаласында әр елдің жастар құрамалары арасында «Достастық кубогы-2015» халықаралық турнирі басталады. Бүгін Қазақстан құрамасының бапкерлер қосыны жарысқа баратын 20 футболшының есімін жариялады.

БӨЛІСУ

«Достастық кубогы-2015» турнирі алдында қазақстандық футболшылар Түркия жерінде дайындықтарын шыңдады. Екі жолдастық кездесу өткізді. Жергілікті «Ушак Спортиф Генчликспор» командасын 2:1 есебімен жеңсе, франкфурттық «Айнтрахт» клубының жастарынан 1:2 есебімен ұтылды.

Сонымен бас бапкер Саулюс Ширмялис төмендегі ойыншыларды командада қалдырып отыр.

Қақпашылар: Станислав Павлов («Ақтөбе»), Владимир Грошев («Қайрат»);

Қорғаушылар: Григорий Сартаков («Ертіс»), Темірлан Әділханов («Жетісу»), Рафкат Аслан («Тобыл»), Тимур Рудосельский («Қайрат»), Берік Шаихов («Астана»), Павел Халезов («Астана»);

Жартылай қорғаушылар: Магамед Узденов («Ақжайық»), Еркебұлан Тұңғышбаев («Ордабасы»), Рауль Джалилов («Тобыл»), Антон Куксин («Оқжетпес»), Алексей Родионов («Атырау»), Ринат Хайруллин («Астана»), Иван Антипов («Ақжайық»), Мирас Тулиев («Каспий»);

Шабуылшылар: Абат АйымбетовАқтөбе»), Рауан Сариев («Ордабасы»), Әлішер СүлейТобыл»), Максим Федин («Бәйтерек»).

Айта кетейік, Қазақстан жастар құрамасы «С» тобында өнер көрсетеді. Қарсыластар – Литва, Тәжікстан және ОАР жастар құрамалары. Дода 16-25 қаңтар аралығында өтеді. Жарысқа барлығы 12 елдің жастар құрамасы қатысады. Тағы бір айта кететін жайт, турнир о бастан бұрынғы КСРО мемлекеттері арасында 1993 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. 2011 жылға дейін осы елдердің футбол клубтары арасында өтсе, 2012 жылдан бастап жастар құрамалары арасында өтетін болып шешілген. Саяси жағдайларға байланысты 2015 жылғы додаға соңғы жарыс жеңімпаздары Украина жастар құрамасы қатыспайды. Одан өзге Финляндия мен ОАР жастар құрамалары турнир тарихында алғаш рет бақ сынағалы отыр.

Өзге топтар:

«А» тобы: Беларусь, Түрікменстан, Эстония, Финляндия
«В» тобы: Молдова, Қырғызстан, Ресей, Латвия

Сурет: dknews.kz